Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшылық кәсіпкерлермен кездесті

28.11.2020, 15:00 493

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрланбаев Ерлан Құмарбекұлының аудан кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Жиынды аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы жүргізді.

«Кездесудің негізігі мақсаты – ауданымыздағы кәсіпкерлік саласын дамытуға, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы кәсіпкерлерді қолдау түрлері мен бағдарламаға қатысу шарттары туралы толық ақпараттар беру, – деді аудан басшысы.

Кездесу барысында сөз алған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Е.Қ.Нұрланбаев аудан кәсіпкерлеріне әріптестік орнатуда бизнесті жүргізу жайлы арнайы дайындалған слайд арқылы кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен бірге кездесуде аудан кәсіпкерлері өздерінің толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Мұса Оспанұлы «аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік ашып, бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Кәсіпкердің әрбір ұстанымын қолдауға және олардың идеяларын жүзеге асыруға барлығымыз жұмыла қызмет жасауымыз қажет» деп атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: