Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Карантин кезеңінде шағын және микро кәсіпкерлік субъектілері жоспардан тыс тексеріледі»

15.06.2020, 11:50 685

HALYQLINE.KZ Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Құлмахан айтты.

Палата заңгері 2020 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы шыққандығын жеткізді. Бұйрықтың мәтіні төмендегідей:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және 6-тармағына, «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы отырысының «Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» хаттамасының 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, карантин кезеңінде қызметін қайта бастау кезінде халықтың кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік шараларды сақтау мәселелері бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындасын және жүргізсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.В.Бюрабековаға жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді».

Осы орайда, Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі барлық кәсіпкерлік субъектілерін санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Әр кәсіпкерлік саласына қатысты қойылатын талаптар ҚР Бас санитарлық дәрігерімен бекітілген. Аталмыш құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасын телеграмдағы «Бизнес штаб Кызылорды» t.me/BizKzo каналынан көшіріп ала аласыздар.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: