«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 429.51 (+1.16)

  • EUR: 502.14 (+2.73)

  • RUB: 5.42 (-0.02)

Кәсіпкерлермен кездесу өтті

09.09.2020, 11:30 65 0

HALYQLINE.KZ  8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының, «Безнеске арналған үкімет» КММ-сінің басшылығының және өңіріміздің бірнеше кәсіпкерлерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді.

Кездесу барысында инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Protecting bussines and investments» жобасы бойынша кәсіпкерлерге қысқаша анықтама берілді.

Сонымен қатар, әрбір кәсіпкер өзінің құқығын қорғап, өз ұсынысын департаментке жеткізетін болса, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптасуына үлкен септігін қосатыны сөзсіз екендігін атап өттілді.

Өз кезегінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысының орынбасары Бекишев Талғат Болатбекұлы инвесторлар мен кәсіпекерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында кешенді жұмыстарды жүргізетіндігін, бүгінгі күні облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының жанынан open space форматында салынған «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы ақысыз 89 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететіндігін баяндады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында инвестицияларды тарту жөніндегі фронт-офис ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жүйелі түрде жұмыс жасап жатқандығын хабарлады.

Мәжіліс соңында кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен өңіріміздегі кәсіпкерлікті дамыту үшін біріге жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: