«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Грант алып, гүл бизнесін бастады

18.11.2020, 11:30 63 0

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысында 2181 азамат «Бастау» жобасы бойынша онлайн біліктіліктерін жетілдірді. Оқыған азаматтардың 42 пайызының жобасы, нақтырақ айтқанда жалпы құны 515,9 млн теңгені құрайтын 914 жоба қаржыландырылды. Басым бөлігі «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз қаржы – грант иегері.

Онлайн оқудың игілігін көрген жандардың бірі – қызылордалық Салтанат Қылышбекқызы. Ол он жылдан бері гүл өсіру, гүлмен әрлеу, көркемдеу саласында еңбек етеді. Бұл бизнесте сұраныстың жоғары екенін байқаған Салтанат гүл дүкенін ашу мақсатында Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алады, «Бастау» жобасын онлайн оқып, бизнес біліктілігін арттырады. Осылайша «Еңбек» бағдарламасы аясындағы гранттық конкурсқа қатысып, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді.

«Бастау» жобасын онлайн бітіріп алғаннан кейін жобамды гранттық комиссия алдында қорғадым. Осылайша 555 600 грант ұтып алдым. Бұл кезге дейін Қызылорда қаласының орталығында жұмыс істеп келдім. Арманым гүлдер магазинін ашу керек еді. Оқудың арқасында өз бизнесімді аштым. Қазір «Шұғыла» мөлек ауданында аштым. Тұтынушылар риза, қуанышты. Табысым да, шүкір, жақсы», – дейді жас кәсіпкер Салтанат Қылышбекқызы.

Кәсіпкер бүгінде «Бастау» жобасында алған біліктілігін бизнесте қолданып, қызмет көрсету сапасын жетілдіре түсуде. Гүлден түрлі сыйлық түрлерін жоғары талғаммен жасайды. Бұл жерде оның бейнелеу өнері мамандығы бойынша алған кәсіби білімі де көмектесуде.

«Шұғыла» мөлтек ауданынан ашылған гүл дүкеніне келушілер қарасы да басым. Әр тұтынушының көңілінен шығу – Салтанат үшін де жоғары мәртебе. Қызылордалықтарға кәсіпкер түрлі раушан гүлдерімен қоса, лала, экзотикалық гүлдерді де ұсынуда. Алдағы уақытта үй жағдайында өсірілетін гүл түрлерінің көлемін арттыруды жоспарлауда. Ашылғанына аз уақыт болса да табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпкерге сәттілік тілейміз.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: