Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арзан бағада сатылады

02.12.2020, 9:10 658

HALYQLINE.KZ

Бұған дейін газет бетінде «Қазалы ауданында биылғы жылдың қиыншылықтарына қарамастан толымды тірліктер тындырылуда. Бір ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд теңге болатын 42 жоба іске асырылуда. Аудан тұрғындарын жергілікті жерде өндірілген бау-бақша, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету, ол үшін заманауи талаптарға сай бау-бақша өнімдері мен көкөніс сақтау қоймаларын салу қажеттілігі баршаға белгілі. Осы тұрғыда аудан орталығынан «АгроОптСервис» ЖШС тарапынан сыйымдылығы 500 тонна болатын «Көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма» салынып жатыр. Қазіргі таңда қоймаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, 200 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінген. Қойма жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде. Толық аяқталғанда ауданда азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туындайтын болады» деп жазған едік. Сол сөзіміз шындыққа айналды.

Осылайша кенттегі «Өндірістік аймақта» сыйымдылығы 500 тоннаға арналған көкөніс, жеміс-жидек сақтау қоймасы іске қосылды. «АгроОптСервис» ЖШС салған қойманың негізгі мақсаты ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру болып табылады. Жеке кәсіпкер Бекболат Бибалаевтың айтуынша, қоймада сақталған көкөніс пен жеміс-жидектер көтерме бағада және халыққа базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылады. Ол үшін арнайы дүңгіршектер салынады. Сондай-ақ, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдарға барып, арзан бағада өткізуді жоспарлап отыр. Көкөністер Түркістан облысынан, Ресейден, жемістер Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан, Түркия, Польшадан тасымалданады.

Қойманың жұмысымен танысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаевқа жеке кәсіпкер қоймадағы көкөністер мен жеміс-жидектердің көлемі мен түрлері туралы әңгімелеп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап өтерлігі, қоймада жемістерді сақтайтын екі орын қарастырылған. Қажетті температураны ұстап түру үшін 2 тоңазытқыш сатып алыныпты. Бұл үшін жеке кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Байқоңыр филиалы арқылы 21 млн теңге несие алған. Алдағы уақытта тоңазытқыштар орнатылатын қосалқы ғимарат салу, 2 рефрижатор жүк көліктерін алу көзделуде. Нақты кезеңде қоймада Ресейден әкелінген 100 тонна картоп, 80 тонна жуа, 1,5 тонна қырыққабат бар. Оған қоса, алма, жүзім, құрма тәрізді жеміс-жидектер де сақталуда.

Жұмабек  Табынбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: