Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерге жағдай жасаудың халық үшін керек екенін қашан түсінеміз?

27.05.2020, 18:40 503

HALYQLINE.KZ  Кешегі күн әдемі-ақ басталған. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы кәсіпкерлер зардап шекпесін, жұмыс жасауына кедергі келтірмесін деп мемлекеттік орган өкілдеріне қандай жағдайда кәсіпкердің үстінен «жосықсыз деп тану» туралы талап арыз жазудың қажеттілігі жоқ екендігі туралы нақты, кеңінен талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік органдағы жауапты азаматтардың бұл тірлігіне ырза болдым. Осы тірліктеріңіз арқылы қаншама кәсіпкердің уақыты мен қаржысын, репутациясын қорғап отырғандарын білсеңіздер ғой?!

Дегенмен соңғы күндері карантин жағдайындағы талапқа мониторинг жасау деген желеумен кәсіпкерлерді күнде тексеретін жергілікті атқарушы орган мен уәкілетті орган өкілдерінің жасап жүрген тірліктері ойлантуда. 29 сәуірден бастап өңірде кәсіпкерлік нысандары кезең-кезеңімен жұмысын бастап, жандандыруға тырысып жатыр. Кәсіпкерлер жағдайды түсініп, талаптарды орындауда. Күнделікті сатып алушы ретінде кішкентай дүкеннен бастап, сауда орталығы секілді нысандарды көрудемін. Санитайзерлерін қойып, маскалары мен қолғаптарын пайдалануда.

Бірақ тұтынушы (маскасыз) үшін кәсіпкер жауап бере алмайды ғой. Солай емес пе? Кәсіпкерді қысып тексере бергеннен кім, не ұтады? Мүмкін жалпы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуді күшейту керек болар? Түсіндірме жұмыстарының тәсілін, форматын өзгерту керек шығар? Кәсіпкерлер талапты орындауда. Тек қазіргі онсыз да қиын жағдайда бұл азаматтарды титықтата берудің қажеттілігі жоқ деп санаймын және алдағы уақытта мемлекеттік орган өкілдері жұмыс істеу тәсілдеріне өзгеріс енгізеді деп сенемін.

Ғалымбек  ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: