• USD: 413.12

  • EUR: 452.86

  • RUB: 5.82

Қазақстандағы бизнестің 70 пайызы – микробизнес

19.05.2020, 15:14 230 0

HALYQLINE.KZ  Еңбек нарығындағы жағдайды жедел жақсарту мақсатында жұмыссыз мәртебесін алу үшін тіркеуді оңайлату шаралары қабылданады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде айтылды.

Бұдан былай жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тартуға және шағын және орта бизнесті кеңейтуге баса назар аударылмақ. Білім беруде қашықтан оқыту әдістемесі жетілдірілетін болады. Оқулықтар мен әдістемелік құралдар цифрлық форматта қолжетімді болады.

Министрлер кабинетінің қатысуымен өткен селекторлық отырыста кәсіпкерлерді қолдау мәселесі де қаралды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына «микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бойынша жаңа бағыт енгізіледі. Субсидиялау есебінен қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін және өндірстік мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін несие берілетін болады. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

  Тарихта алғаш рет микробизнеске назар аударылды. Қазақстандық бизнестің 70%-дан астамы – микробизнес. Алғаш рет микробизнеске үлкен материалдық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, отандық кәсіпкерлікті қолдауға үлкен көңіл бөлінді. Жергілікті қамту үлесін 70%-ға арттыру бойынша міндет қойылды. Бұл бизнес үшін үлкен демеу болады деп есептеймін, – деді «Атамекен» ҰКП Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, кепілдің жетіспеушілігін шешу үшін айналым қаражатын толықтыруға шағын және орта бизнес жобаларын несиелендіру бойынша Ұлттық банк бағдарламасы шеңберінде берілетін қарыздарға Даму Қорының кепілдігін пайдаланатын болады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары несиелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартатын салалардың тізбесі кеңейтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: