Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкерлерге арналған байланыс құралдары

16.03.2020, 16:22 791

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялануына орай сауалдары туындаған кәсіпкерлерге төмендегі байланыс телефондарына хабарласуға болатындығын жеткізеді:

Эл.пошта: kyzylorda@atameken.kz

Қызылорда қаласы:

тел.: 87242-400981

сот. 8-777-764 33 11

Аудандар:

Арал ауданы

тел.: 87243-379199

сот. 8-778-730 89 80

Қазалы ауданы

тел.: 87243-879243

сот. 8-701-347 36 46

Қармақшы ауданы

тел.: 87243-779120

сот. 8-777-234 51 98

Жалағаш ауданы

тел.: 87243-179199

сот. 8-705-177 62 67

Сырдария ауданы

тел.: 87243-679179

сот. 8-747-533 05 07

Шиелі ауданы

тел.: 87243-279255

сот. 8-702-277 42 59

Жаңақорған ауданы

тел.: 87243-579120

сот. 8-775-656 55 22

Байқоңыр қаласы

тел.: 8336-2223527

сот. 8-702-446 63 27

Айта кету керек, Азаматтардың денсаулығын сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуымен күрес жүргізу мақсатында «Атамекен» ҰКП басшылығы барлық бизнес-процестерді сақтай отырып, ұйымның жұмысын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне мүмкіндігінше ауыстыру бойынша шешім қабылдады

Еске салсақ, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялады. Келесі күні Қазақстан Үкіметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен оған қатысты арнайы шаралардың енгізілгені туралы хабарлады. Осыған байланысты орталық аппарат және өңірлік палаталардың барлық жұмыс процестері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.

Ұлттық палатада жұмыс орнына қажеттілік бойынша шығатын қызметкерлерге кезекшілік режимі қарастырылған, қорғану құралдары – маскалар мен қол гигиенасына арналған құралдар беріледі.

Кәсіпкерлерге арналған қызметтердің көрсетілу тәртібі:

  • Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметі services.atameken.kz сайтында онлайн форматына ауыстырылады. Облыс орталықтарында кезекші қызметкерлер ғана жұмыс істеп, онлайн қызметтермен қалай пайдалану қажет екенін көрсетіп, түсіндіретін болады. Аудан орталықтарында мұндай функцияны филиалдар директорлары мен кеңесшілер атқарады;
  • «Бастау», «Бизнес Мектеп» (осыған дейін «Бизнес Кеңесші», Бизнес Өсу») бағдарламалары бойынша оқуға қатысу өтінімдері email арқылы онлайн қабылданады. Мекенжайларды өңірлік палаталардан телефон арқылы немесе 1432 нөмірі арқылы анықтауға болады;
  • Сертификаттау қызметтері бойынша өтінімдер – онлайн режимінде қабылданады, ал консультацияларды өңірлік кәсіпкерлер палаталарында телефон арқылы алуға болады, төтенше қажеттілік орын алған жағдайда кезекші қызметкер кәсіпкерге сол жерден кеңес береді;
  •  Барлық жұмыс жиналыстар онлайн режимге ауысады.

Коронавирус өршуі салдарынан кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлер үшін Ұлттық палата базасында Отандық бизнеске жағымсыз әсерді азайту жөнінде жедел штаб жұмысын жалғастырады. Қазіргі таңда штаб кәсіпкерлердің проблемалары мен тәуекелдері туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнеске келтірілген зардапты азайту бойынша ұсыныстарды жинау және талдаумен айналысып жатыр.

         Бұдан бөлек, штаб күнделікті негізде бизнеске қатысты ағымдағы ситуация жайында ақпараттандыратын болады. Ақпаратты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтынан atameken.kz, әлеуметтік желілерде Facebook және Instagram, сондай-ақ штаб жетекшісінің орынбасары – Шыңғыс Темірдің парақшасынан табуға болады.

         Барлық кәсіпкерлерді сілтемедегі сауалнаманы толтырып, таратуды, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП call-орталығына 1432 хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар call-орталықтан қажетті бөлімдердің нөмірлері, мекенжайлары мен электронды пошталарын нақтылауға болады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: