• USD: 445.84

  • EUR: 490.47

  • RUB: 5.73

Кәсіпкерлер палатасы қашықтықтан жұмыс істейді

25.03.2020, 10:16 57 0

Құрметті кәсіпкерлер!

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және короновирустың таралуымен күресу мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы қызметкерлердің бір бөлігін қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырды. Палата кеңсесінен, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан кәсіпкерлер бұрынғынша кеңестер ала алады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының сенім телефоны +7 (7242) 40-09-81, call-орталық +7 777 764 33 11.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының орталық офисінде (Қызылорда қ-сы, Желтоқсан к-сі 12, «Бастау» бизнес-орталығының 11-қабаты) әр бөлім бойынша бір кезекші қызметкер жұмыс істейді.

Палатаның 7 аудандық филиалы штаттық режимде жұмыс жасауда. Кеңес беру қызметі онлайн форматқа көшірілді.

Коронавирустың өршуінен бизнестері зардап шеккендер үшін «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында, қазақстандық бизнес үшін жағымсыз салдарды нивелирлеу жөніндегі жедел штаб жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта штаб кәсіпкерлердің мәселелерімен тәуекелдері туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнеске зиянды азайту жөніндегі ұсыныстарды жинаумен және талдаумен айналысуда. Орыс тіліндегі сауалнамаға мына сілтеме бойынша өтуге болады. Қазақ тіліндегі сауалнамаға мына сілтеме бойынша өтуге болады.

Сонымен қатар, штаб күнделікті негізде бизнеске қатысты ағымдағы жағдай бойынша ақпараттандыратын болады. Ақпаратты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының atameken.kz ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі Facebook және Instagram, сондай-ақ штаб жетекшісінің орынбасары – Шыңғыс Темірдің парақшасынан табуға болады. Барлық кәсіпкерлерден сілтеме бойынша сауалнаманы толтырып, таратуларыңызды, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП call-орталығына 1432 хабарласуды сұраймыз.

Бизнес тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары осы сілтемеде: #ТӨТЕНШЕЖАҒДАЙДАҒЫБИЗНЕС

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: