Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трамп партия құруды көздейді

20.01.2021, 10:30 293

HALYQLINE.KZ АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп соңғы күндері «патриоттық партия» деп атағысы келетін жаңа саяси партия құру туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Трамп бұл туралы көмекшілерімен және басқа да жақын адамдарымен сөйлескені айтылады.

БАҚ мәліметінше, жаңа партия құру айтарлықтай ақшаны қажет етеді. 

Мұның алдында Дональд Трамп қоштасу сөзінде бірде-бір соғыс ашпағанына ерекше мақтанатынын айтқан болатын.

«Біздің батыл дипломатиямыз бен қағидатты реализміміздің нәтижесінде біз Таяу Шығыстағы бірқатар тарихи бейбіт келісімге қол жеткіздік. Бұған ешкім сенбеді. Мен соңғы онжылдықта ешқандай соғыс ашпаған президент болғаныма мақтанамын», – деген еді Трамп. 

Еске салайық, АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде демократиялық партияның мүшесі Джо Байденнің инаугурациясы бүгін, 20 қаңтар, сәрсенбіде өтеді деп жоспарланған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: