Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тихановская тайып тұрды

11.08.2020, 12:30 373

HALYQLINE.KZ

Беларусь президенттігіне үміткер болған Светлана Тихановская елден кетіп, Литваға барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тихановскаяның Литваға келгені туралы ақпаратпен Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс өзінің Twitter парақшасында бөлісті.

«Светлана Тихановская қауіпсіз жерде, ол Литвада», – деп жазды министр.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Белоруссияда президенттік сайлау өтті. Ұлттық экзитполдың ақпаратына жүгінсек, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинаған. Сайлаушылардың 9,2%-і барлығына қарсы дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Беларусьтегі президент сайлауынан кейін жаппай наразылық акциялары басталғаны белгілі. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды. Осыдан кейін Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская сайлау нәтижесінде өзінің жеңіске жеткенін айтып, билікті бейіт жолмен беруді талап етті.

Сонымен қатар америкалық сенатор Джим Раш Александр Лукашенко демократиялық жолмен қайта сайланбаған болса, отставкаға кетуі керек деген мәлімдеме жасады. Джим Раш елдегі БАҚ жұмысы мен интернетті қайта іске қосып, зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап еткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: