Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путиннің баспасөз хатшысы Песков коронавирус жұқтырды

13.05.2020, 0:07 482

HALYQLINE.KZ –| Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады. Оның қазіргі жағдайы жөнінде нақты мәлімет жарияланған жоқ. Ал Песковтың өзі журналистерге «ауырып қалдым, қазір емделіп жатырмын» деген. Осыған дейін ол Ресей президенті Владимир Путиннің және Кремльдің мәлімдемелеріне конференц-колл арқылы журналистерге пікір білдіріп жүрген. Естеріңізде болса, бұған дейін коронавирус инфекциясы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мен мәдениет министрі Ольга Любимовадан табылған еді. Олардың қазіргі жағдайы жайлы хабарланбады. Айта кетейік, бүгінге дейін Ресейде 232 мың адам вирус жұқтырған. Ресми дерекке сүйенсек, 2 мыңнан аса адам қайтыс болған.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: