Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәкістанда ұшақ апатқа ұшырады

22.05.2020, 16:45 390

HALYQLINE.KZ Pakistan International Airlines (PIA) жолаушылар ұшағы бүгін, 22 мамырда Карачи қаласына жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dispatch News Desk (DND) басылымына сілтеме жасап.

DND мәлімет бойынша, ұшақ бортында 95 жолаушы болған. Агенттік экипаж мүшелерінің саны туралы мәлімет бермеген. Жолаушылар ұшағы Пәкістанда үлкендігі бойынша екінші саналатын Лахор қаласынан Синд провинциясының орталығы Карачиге бағыт алған. Джинна халықаралық әуежайына қонуға аз қалғанда ұшақ құлады.

Болжам бойынша апатқа техникалық ақау себеп болған. Дереккөздерге сілтеме жасаған DND, ұшақтың тұрғын үй аумағына құлағанын мәлім етті. Ұшақтың құлауы салдарынан бірнеше үйге зақым келген. Пәкістан әскері оқиға орнына жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: