Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мысық та коронавирус жұқтырыпты

28.05.2020, 17:05 1731

HALYQLINE.KZ  Мәскеудегі ветеринарлық клиникада тексерістен кейін бес жасар мысық COVID-19 тестілеуге жіберілді. Нәтижесінде талдау оң нәтиже көрсетіп, үй жануары иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша карантинге алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Зерттеушілер бес жастағы мысықтан жаңа коронавирус инфекциясын анықтады. Бұл туралы журналистерге Ресей федерациясы ветеринар және фитосанитарлық бақылау бойынша федералдық басшысының орынбасары Николай Власов хабарлады. Оның айтуынша, иесі жануарды Мәскеудің ветеринарлық клиникаларының біріне апарған. Тексеруден кейін маман үй жануарын иесімен арнайы орталыққа жібереді. Ол жерде мысықтан COVID-19-ға сынама алынып, тест оң нәтиже көрсетеді. Осыдан кейін үй жануары иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша карантинге алынған.

Россельхознадзор қазір коронавирус адамнан адамға жұғатыны мәлім екенін атап өтті. Алайда ДДСҰ мен Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, вирустың мысықтардан немесе иттерден жұғатынына ешқандай дәлел жоқ.

«Сонымен қатар, вирустың мысықтарда сақталуы мүмкін екендігі туралы толық ғылыми дәлел жоқ, бұл – эпидемиологиялық тығырық», – дейді Власов.

Айтпақшы, бұған дейін АҚШ-та да екі мысықтың ағзасынан коронавирус анықталыпты.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: