Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Эпидахуал аяқталғанын мәлімдеді

15.05.2020, 15:43 381

Halyqline.kz–| Словения үкіметі бейсенбі күні кешке ресми түрде өз аумағында коронавирус індетінің аяқталғанын жариялады. Бұл – Еуропа елдерінің арасында осындай мәлімдеме жасаған алғашқы ел.

Соңғы екі апта ішінде күн сайын елде коронавирустың жеті жаңа оқиғасы анықталған. ЕО-ның басқа елдерінен Словенияға келген адамдар сәуір айының басындағыдай жеті күн карантинде болуға міндетті емес. Италиямен, Аустриямен, Венгриямен және Хорватиямен шектесетін 2 миллион халқы бар елде 1464 адам коронавирус жұқтырып, вирус салдарынан 103 өлім тіркелді.

– Словения соңғы екі айда эпидемияны қысқартты. Бүгінде Словенияда Еуропадағы ең жақсы эпидемиологиялық жағдай тіркеліп отыр», – деп мәлімдеді премьер-министр Янез Янша.

Эпидемияның аяқталуына байланысты коронавирустан зардап шеккен азаматтар мен компанияларға көрсетілетін қаржылай көмек те мамырдың соңында бітеді.

Үкімет коронавирус инфекциясы белгілері бар шетел азаматтарының елге кіруге тыйым салынатынын мәлім етті.

Азаматтар бұрынғыша инфекцияның таралуының алдын алу үшін негізгі ережелерді сақтауы тиіс. Адамдар жабық қоғамдық орындарға маска тағып, бір-бірінен 1,5 метр қашықтықты сақтауы тиіс және қолдарына дезинфекция жасауға міндетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: