«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Ереванда – ереуіл

10.11.2020, 10:45 100 0

HALYQLINE.KZ

Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Олар Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болды.

Наразы топ Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар бірінші қабаттағы терезені сындырып, қабырғадағы жазбаларды құлатқан, есіктерді сындырған. Үкімет кабинеттеріндегі компьютерлерді, жиһаз бен микрофондарды қиратты. Үкімет алдындағы алаңда атысқа ұқсас дыбыстар естілді.

Митингіге шыққандар арасында жүрген «Гүлденген Армения» оппозияциялық партиясының депутаты Ивета Тоноянның айтуынша, оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен.

«Бүгін біздің тарихымыздың ең масқара парағы жазылды. Бірнеше сағат бұрын «Гүлденген Армения» және бірнеше партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осынша іс жасалғаннан кейін отставка Пашинян үшін аз болып тұр. Біз мұнда адамдардың ашуын басу үшін келдік. Ашуы орынды. Мұнда әкесі, бауыры, ұлы соғыста жанын берген адамдар. Қоғамның пікірімен санаспай, қаламмен қол қоя салып, жерді беру туралы шешім шығарды», – деп депутат.

Наразылық білдірушілер парламент спикері Арарат Мирзоянды соққыға жықты. Олар Мирзоянды көліктен күшпен шығаруға тырысып, реніштерін жеткізді. Әскерилер спикерді қорғауға мәжбүр болды.

Ал Армения премьері Никол Пашинян Ереванда бүлік жасаған барлық азамат жауапқа тартылатынын айтты.

«Бүгінгі қылмысты ұйымдастырғандардың бәрі қатаң жазаланады», – деді Пашинян Facebook желісінде тікелей эфирде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: