Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

COVID-19 Қытайда қайта өршіді

19.05.2020, 9:04 396

Қытай билігі елдің солтүстік-шығыс бөлігіне шектеу шараларын енгізді. Себебі, аталған аймақта коронавирус жұқтырудың 34 дерегі анықталған. Бұл туралы БАҚ беттерінде жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Коронавирустың жаңа жұқтыру дерегі Цзилинь провинциясында тіркелген. Осы жағдайға байланысты, ел билігі аталған аймақта автобус пен пойыздар қозғалысын тоқтатып, білім беру мекемелерін де жапқан. Bloomberg порталының жазуынша, қазір жалпы алғанда 108 миллионнан аса адам карантинде. Басылым ақпаратына сүйенсек, жергілікті тұрғындар шектеу шараларынан кейін әбден үрейленіп қалған, себебі олар барлық қиын-қыстау сәт артта қалды деп есептеген. 

Билік басындағылар коронавирус тарауының екінші толқынынан қорқып отырғанын білдірді. Карантин аясында Цзилинь провинциясында азық- түлікке тек отбасының бір мүшесі ғана бара алады. Оған дүкенге бару үшін әр екі күн сайын тек екі сағат қана үйден шығуға рұқсат беріледі. Өңірде жеткізу қызметтерінің көп бөлігін жауып тастаған, ал дәріханаларда туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер еркін саудаға жіберілмейді. Бұл азаматтар дертті жасырып, өздігінше ем қабылдамас үшін жасалып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: