Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ-та президент сайлауы басталды

03.11.2020, 16:10 453

АҚШ-та бүгін президент сайлауы күні. Оған қазіргі президент, республикашыл Дональд Трамп пен бұрынғы вице-президент, демократ Джо Байден түседі. Байден «вирусты жеңіп», елді біріктіруге уәде берген.

АҚШ президентін сайлауда алғашқы сайлау учаскесі Дисквилл-Нотч елді мекенінде (Нью-Гэмпшир штаты) түнгі сағат 12-де ашылды. Жергілікті бес сайлаушының бәрі Байденге дауыс берді, деп хабарланды твиттерде.

Дүйсенбі күні кандидаттардың екеуі де бірнеше штатта кездесу өткізді. Бұл штаттар сайлау нәтижесін шешуі мүмкін.

77 жастағы Байден бұл күні алғашқы кездесуін Огайода өткізді. Саясаткер президент Трамптың пандемиямен күресін сынады. «Ертең біз елді екіге бөлген президентті қызметтен кетіре аламыз», – деп мәлімдеді Байден. Ол Трампты «әлсіз» және «масқара» деп сипаттаған. Одан соң Байден Пенсильванияға аттанды. Зерттеулерге қарағанда, бұл штатта Байден алда келеді.

74 жастағы Трамп сайлау қарсаңында Солтүстік Каролина, Мичиган, Висконсин және Пенсильвания штаттарында болды.

Солтүстік Каролинадағы кездесуде АҚШ президенті сайлауда жеңіске жетуге уәде берді. «Байденге дауыс беру – үкіметті глобалистерге, коммунистерге, социалистерге, бай екіжүзді либералдарға беріп қою дегенді білдіреді», – деп мәлімдеді Трамп.

АҚШ-та 97 миллион сайлаушы тіркелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: