Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтын мен күміс арзандады

10.08.2020, 16:10 1432

HALYQLINE.KZ АҚШ-та алтын бағасы рекордтық деңгейден де төмендеді. Бұл экономикалық дағдарыстың ұлғайып жатқандығының белгісі. Лондондағы алтын сатушылар бағалы бұйымды сату күннен-күнге ушығып бара жатқанын айтып отыр.

Тамыз айының алғашқы онкүндігінде мәліметтерге сүйенсек, жалақы төлеу шілде айында 1,76 миллионға өсіп, ал жұмыссыздық деңгейі күтілгеннен көп төмендеді. «BMO Capital Markets» металлургия биржасының бастығы Тай Вонгтың айтуынша, күндізгі аукционда алтын бағасы шамамен 14 долларға төмендеді. Вашингтон мен Пекин арасындағы араздық өршіген кезде доллар төрт сессияда алғашқы табысын көтерді.

Трейдерлер күндізгі аукционда алтынның унциясын 2,031.15 доллар деп қойды. «BMO Capital Markets» компаниясының өкілі Вонгтың айтуынша, тұтынушылардың 90 000 унциядан жоғары алтын сатып алуға мүмкіндігі бар. Лондондық бағаны реттеу агенттігінің мүшелері арасындағы келісімшарттарды жасасу үшін бүкіл әлемдегі кеншілер, банктер және зергерлер металды сату мен бағалайтын бағдар ретінде қызмет етеді.

Алтын құймалардан түскен табыс 2,3%-ға жетті, бұл маусым айынан бері ең мол табыс. Бірақ ол биыл 33%-дан асып түсіп, соңғы онжылдықтағы ең көп жылдық табыспен теңесті. Бұл сонымен қатар 2006 жылдан бастап апта сайынғы табыстардың ең ұзақ кезеңі болып табылады. Өйткені денсаулық дағдарысы, нарықтық бағалар және геосаяси қауіптер қымбат металдардың құнсыздануын тудырады. 18 айдың ішінде алтынның унциясы 3000 долларға жетіп, күміс 2021 жылы 35 долларға түсуі мүмкін, – дейді «Bank of America Corp» компаниясының мамандары.

7 тамыздан бастап таза алтын 1,6%-ға төмендеді. Нью-Йоркте бұрын 2075,47 доллар рекорд жасағаннан кейінгі жағдай. Ал күміс саудасы бұрын 5,3%-ға төмендеген, бұл жолы 28.0922 доллардан 2,9%-ға арзандады. Бұдан бұрын баға 2013 жылы 29,8591 долларға дейін қымбаттаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: