Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемде Covid-19 құрбандарының саны 1 миллионға жетті

29.09.2020, 17:45 389

HALYQLINE.KZ Қытайдың Ухань қаласында жаңа коронавирус алғаш анықталғаннан кейінгі 10 ай өткендегі жағдай – осы. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі хабарлады.

Пандемия құрбандары Солтүстік Америкада 308 мыңнан астам адам, Оңтүстік Америкада 250 мыңға жуық, Еуропада – 221 мың адам, Азияда 190 мың адам дерттен қайтыс болды.

Құрбан болғандардың көпшілігі АҚШ-та (210 мыңға жуық), Бразилияда (142 мың), Үндістанда (96 мыңнан астам), Мексикада (76 мыңнан астам) және Ұлыбританияда (42 мың). Бұл қайғылы көрсеткіш бойынша Ресей әлемде 10 орында тұр. Теріскейлік көрші елдегі өлім көрсеткіші 20400-ге жетті.

Пандемия басталы бері 188 елде 33,5 миллионнан астам адам ауырған. 25 миллионға жуығы сауықса, қазіргі уақытта 7,5 миллионға жуығы емделуде, олардың 65,3 мыңы ауыр және аса ауыр халде жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: