Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамзат тарихындағы ең қатал басшы кімдер?

01.01.2021, 14:00 936

HALYQLINE.KZ Әрқайсымыз өмірімізде онша жақсы емес бастықтарға тап болған болуымыз мүмкін. Өз өміріңіздегі ең жаман бастықты есіңізге алыңыз. Сіз оны «дүниежүзіндегі ең жексұрын бастық» деп сипаттағаныңыз анық. Мына материалды оқып шыға салысымен, сіз қалай қателесіп жүргеніңізді түсінесіз.

Құлиеленушілік заманынан кейінгі әлемде кәдімгі «дүниедегі ең жаман бастық» стереотипін жаңа деңгейге көтере алатын бастықтар көп болды. Осылардың бірінің қоластында істемегеніңізге қуана беріңіз…


Джордж Пульман

Бұл кім еді?

Сіз басқа адамдарға, олар сіз үшін компьютерлік ойындарды ойнап бергені үшін, ақы төлей алатындай көп ақшаңыз болғанын ешқашан армандап көрмедіңіз бе? Джордж Пульман болса, The Sims ойынының жанды нұсқасын жасап шығарды.

Ол неге жаман болды?

Егер тарихи тұлғаны «өнеркәсіпші» деп атайтын болса, онда оған жұмыс істеудің онша жақсы болмағанын білдіреді. Бұл теміржол арқылы байып кеткен өнеркәсіп иесі Джордж Пульманға да қатысты.
Алайда Пульман өзінің жұмыскерлерінің әкесі болғысы келді. Зорлық-зомбылық көрсетуге бейім, өте жаман, арақ ішетін әке болғысы келді. Осы себепті ол үлкен жер телімін сатып алып, ол жерге өзінің жұмыскерлеріне арналған қала салып берді. Бұлай етуінің мәні де жоқ емес. Басқаша айтқанда, бұл бірлік сезімін тудыратын. Егер осы үшін жауапты адам осынша сұмырай болмағанда, бұл іске асар да еді.

Пульманның қаласы, көп уақыт өтпей жатып-ақ, кішігірім патшалық-түрмеге айналып шыға келді. Ол еркін баспасөзге, қоғамдық жиындарға немесе барларға тыйым салды. Ол өзінің адамдарын барлық үйлерге тазалағы мен мұнтаздай болып тұруын тексеруге жібере салатын. Пульмандық тазалық стандарттарына сай бола алмағандардың бәріне дүние-мүлкін жинауға 10 күн беріп, сосын қуып шығатын.

Егер бұндай жағдай біреуге ұнамаса, ол жерден кетіп қалу оңай емес еді. Пульман өзінің жұмыскерлеріне өзі шығаратын ақша төлей бастады. Ол ақшаны қалада ғана жұмсап-жаратуға болатын және нағыз ақшаға алмастыруға болмайтын. Компанияның ахуалы нашарлап, барлық жұмыскерлердің жалақысын азайтып тастаған кезде жағдай ушығып кетті. Азайған жалақынының орнын толтыру үшін үйлерді жалдау ақысы мен дүкендердегі бағалар сол күйінде қалды, бұл жұмыскерлерді қауіпті қаржылық от пен су арасында қалдырды. Өрши түсіп, ереуілге ұласқан жағдай бақылаудан шығып кетіп, Одақ әскерін пайдалануға тура келді.
Пульманның жұмыскерлері мен жақын туыстары оны иттің етінен жек көргені сондай, ол қайтыс болған кезде отбасы оны, мүрдесін ешкім қазып ала алмауы үшін, тонна-тонна бетон басып жатқан өзі болат пен бетоннан жасалған жертөлеге жерледі.


Джон Эдгар Гувер

Бұл кім еді?

Джон Эдгар Гувер 1935 жыл мен 1972 жыл аралығында ФТБ жұмысының әр секундын құр жібермейтін директоры болды. Соның кесірінен ФТБ директоры болып қызмет ету мерзімі 10 жылға дейін болып шектелгені кездейсоқтық емес.

Ол неге жаман болды?

Әлем Гувердің қаншалықты жынды болғанын ешқашан біле алмай өтетін шығар. Шпиондық қам-қарекет пен сенің өліміңнен кейін жойып жіберілуі тиіс құпия құжаттарға толы бөлмелерге маманданған ұйымдағы бейсайланбалы қызметтің мән-маңызы да осында. Қайтыс болған сәтінен бастап бұл кісі туралы бірінен-бірі өтетін көптеген оқиғалар айтылып жүрді. Олардың ішінде қайсысы ақиқат екенін ешкім білмейді, бірақ ол туралы айтатындардың барлығы оны жаппай қару қолданудың сәл алдында тұрған адам деп сипаттайды.

Оның бір өмірбаянында ол ФТБ жұмыс істейтіндердің кез келгеніне кез келген уақытта телефон соғып, оларға өзінің үйіндегі бір жұмысты істеп қоюды, мысалы көккүзерді жөндеуді, тапсыратыны айтылады. Бір күні өзінің ауласында жүрген бір кішкентай аңды байқап қалып, оны жабайы аң аңдып жүргеніне кәміл сеніп, ол аңды тексеру үшін зертханаға апаруды талап еткен. Содан кейін ол ауласына тұзақ құрғызып қойып, оған көршісінің мысығы түсіп қалған.

Ол қызметхаттардың шетіне оқып шығу мүмкін емес ескертпелерін шимайлап жазғанды ұнататын. Бір күні ол парақтың шетінде қалған бос орын өте тар болып жазылған, ескертпе жазу мүмкін емес кызметхатты алып, онда «Шекараны бақылаңыз» деп жазып қойыпты. Бұл сөздің нені білдіретінін ешкім білмеді, бірақ сұрауға ешқайсысының батылы бармады. Осы себепті бұл жолдау шекара патруліне, ол канадалық және мексикалық шекараны бақылауы үшін, жіберілді. Осы кезде Америка коммунистік партиясының лидері Гэс Холды қамауға алды. Бір апта өткен соң «Шекараны бақылаңыз» дегені парақ жиегінде көбірек орын қалдырыңыз дегенді білдіретіні анықталды.

Сонымен қатар оның ню стилінде түсірілген фотосуреттер салынған папкасы да болды. Бұл жалаңаш түскен Элеонора Рузвельттің суреттері болатын. Бір керегі болып қалар деген ойы.
Ол өзінің агенттерінің әр басқан қадамын аңдып, олардың қайда тұруы керек екенін, қай клубтарға бару керек екенін және қандай киім кию керек екенін айтып отыратын дейді. Ол тіпті бастары оған өте кішкентай болып көрінген агенттерді жұмыстан шығарып жібереді екен.

Алайды Гувер кезіндегі өмір әрдайым әдеттен тыс сүйкімді болған жоқ. Бір күні Мелвис Пёрвис Америка тарихындағы ең қауіпті үш гангстерді (Нальсон балақайды, сұлу жігіт Флойдты және Джон Диллинджерді), бұл құрметті Гуверге көрсетпей, ұстап алғаны арқылы Гувердің жынын келтірді. Гувер Мелвин Пёрвис ФТБ-нан кетіп қалғанға дейін оның ығырын шығарды және оны жаңа жұмысқа тұрғызбауға тырысып бақты.


Генри Клэй Фрик

Бұл кім еді?

Генри Клэй Фрик «Carnegie Steel Company» басшысы, сонымен бірге «Америкада жұрттың бәрі жек көретін адам» атағының менмен иегері болды.

Ол неге жаман болды?

1892 жылы болаттан жасалса, барлық нәрсе тамаша заттай көрінетінін әлем түйсіне бастады. Фрик басшылық етіп отырған зауыттағы кәсіби одақтың келісімшартының мерзімі аяқталып келе жатты да, олар келісімшартты ұзартуды өтініп, Фриктің кабинетіне келді. Фрик темекісін тартып отырып, қарама-қарсы жалақы мөлшерін 22% кеміту ұсынысын айтты. Кәсіби одақ бұндай ұсынысты қабылдамай қойғанда, Фрик жұмысшыларды қамап, бүкіл зауытқа снайперлік мұнаралар тұрғызды, оған қоса қайнаған сұйықтықты атқылайтын зеңбіректерді орнатты. Сонымен қатар ол тікен сымнан үлкен шарбақ тұрғызды.

Зауыттың сыртындағы мыңдаған ызаға булыққан жұмысшы пикетке шыққан соң, Фрик оларды жалақысы аз жұмысшыларға ауыстыруды ұйғарды. Завод жанында ызалы жұмысшылардың мәселесі шешілмеген күйі қала берді. Сондықтан Фрик 300 Пинкретондарды жалдап, жиналған тобырға айдап салды.

Алайда ереуілшілердің де пистолеттері, қарулары, динамиттері және зеңбіректері болған екен. Екі жақтан да бірнеші адам қаза болды, әскерилер келіп жеткенше, ондаған адам жараланды.

Осыдан бірнеше апта өткен соң белгісіз бір жігіт Фриктің кабинетіне баса көктеп кіріп, оны мойнынан атады. Екі рет. Алайда, Фрик орнынан тұрып, қайтарма соққы жасайды. Полиция шабуылшыны тұтқындайды да, Фрик бір аптадан соң жұмысына қайта оралады. 2,5 мың адамды жұмыстан қуып, қалғандарының жалақысын екі есеге дейін қысқартады. Ол 27 жылдан соң ғана қайтыс болады. Мүмкін, әлдекім оның жүрегіне көктеректің қазығын қадап үлгерген шығар.

Жалғасы бар.

Мақала әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: