Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

630 миллионның маскасына тапсырыс берді

02.09.2020, 10:45 405

HALYQLINE.KZ Кәсіпкер 630 миллион теңге тұратын маскаға тапсырыс берген. Маска гауһар таспен көмкеріліп, алтынмен жалатылған екен. Кәсіпкер Израильдағы дизайнерлік фирмамен жылдың басында байланысқан. Ол қандай маска қалайтынын айтып, негізгі үш талабын орындауын сұраған.  

Біріншіден, бетперденің үлгісі – №99.

Екіншіден, 31 желтоқсанға дейін жеткізілуі керек.

Үшіншіден, әлемдегі ең қымбат бетперде болуы тиіс.

Бетперденің бет жағы ақ алтынмен жалатылып, 3600-дей ақ пен қара гауһар таспен көмкеріледі.

–  Мұндай мөлшердегі тасты орнату оңай болмайды, бірақ уақытында бітіруге тырысамыз, –  дейді Бецацель Купер.

Ондай маска 1,5 миллон долларға бағаланды. Біздіңше – 630,6 миллион теңге.

Aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: