«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

221 сантиметр бойы бар бала рекордтар кітабына ене ме?

25.10.2020, 10:00 157 0

HALYQLINE.KZ Қытайда 14 жастағы мектеп оқушысының бойы 221 сантиметрге жетіп, Гиннес рекордтар кітабына енуге өтініш жолдады. Бұл туралы «Daily Mail» газеті жазды.

Сяоюй деген лақап аты бар бұл оқушы 18 қазан күні 14-ке толыпты. Осы күні ол аталмыш рекордтар кітабына «Әлемдегі ең ұзын жасөспірім» аталымы бойынша ену үшін комитет мүшелеріне аттанған.

Бұған дейін 16 жасында 216 сантиметрлік бойымен осы номинацияны алған америкалық Кевин Брэдфорд бүгінде кәмелет жасына жетіп қойыпты. Оның үстіне, қытайлық баланың бойы алдыңғы рекордшыдан 5 сантиметрге ұзын. Мамандар жеткіншектің әлі де өсетінін айтады.

Сяоюй әлдеқандай бір сырқатпен ауырмаған. Ол бала жасынан ұзын болған. Әке-шешесі оны бірнеше рет дәрігерлерге апарып көрсетіпті. Бірақ олар баладан ешқандай кінәрат таппаған.

Қытайлық баланың өзі мұны генетикамен байланыстырады. Оның өз ата-анасы да, атасы да бойлары 180 сантиметрден жоғары, ұзын кісілер екен.

Бала үш жасында 160 сантиметр болыпты, ал 11-ге келгенде 206 сантиметрге жетіпті. Сяоюй әлі де өсіп келеді. Осыған байланысты мектепте оған жиі жаңа парта мен орындық жасап беретін көрінеді. Мектеп формасын да жылына бірнеше рет жаңартып киеді.

«Басында мен айналамдағылардың өзім туралы не айтатынын ойлап, қайғыратын едім. Бірақ мұғалім маған ешкімнің өсек-аяңына назар аудармай, өз жолыммен жүру керек екенін айтты», – дейді Сяоюй.

Қазір сыныптастары оны құрметтейді және «кішкентай Яо Мин» деп атайды. Ал Яо Мин деген – бұрын Ұлттық Баскетбол Ассоциациясында ойнаған қытайлық өте ұзын бойлы ойыншы. Оның бойы – 229 сантиметр. Бірақ Сяоюйдің баскетбол ойнағысы келмейді. Себебі, табанаяқ болғандығынан және ісігі барлығынан спортпен шұғылдана алмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: